389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда мектептегі сынып бөлмесі опырылып, 7 оқушы қаза тапты

  • 173
  • UPD: 08:17, 24.09.2019
Кенияда мектептегі сынып бөлмесі опырылып, 7 оқушы қаза тапты bbc.com

Кения астанасы Найробиде сынып бөлмесі опырылып, 7 бала көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 57 адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Билік өкілдерінің айтуынша, ел астанасында 30-40 мыңдай ғимарат заңсыз тұрғызылған және олардың опырылу қаупі бар.

Айта кетсек, 3 жыл бұрын Найробиде нөсер жаңбырдан 6 қабатты тұрғын үй кварталы құлаған еді. Сол кезде 51 адам қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы