389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словакияда 50 мыңға жуық адам жасанды түсікке қарсы ереуілге шықты

  • 178
  • UPD: 08:24, 24.09.2019
Словакияда 50 мыңға жуық адам жасанды түсікке қарсы ереуілге шықты comments.ua

Словакия астанасы Братиславада жасанды түсікке қарсы 50 мыңға жуық адам ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділер шаһар көшелерімен жүріп наразылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Словакияда жүкті әйел 12 аптаға дейін заңды түрде жасанды түсік жасауға құқылы. Кей саясаткерлердің пікірінше, жасанды түсікті тек 8 аптаға дейін ғана рұқсат ету керек. Енді жақын арада ел парламенті жаңа заң жобасын талқыламақ. Ал, әлеуметтік сауалнама бойынша ел тұрғындарының 55%-і бұл бастамаға қарсылығын білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы