389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Thomas Cook дағдарысынан неміс туристері зардап шекті

  • 168
  • UPD: 09:38, 24.09.2019
Thomas Cook дағдарысынан неміс туристері зардап шекті interfax.ru

Соңғы бір тәулікте бүкіл Германия бойынша 21 мың жолаушы демалысына ұшып кете алмай, әуежайларда қаңырап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Thomas Cook деп аталатын ағылшын туристік компаниясының банкротқа ұшырауы себеп болған. Жалпы осы фирма арқылы жолдама сатып алған 140 мың Германия азаматы қазір шетелде жүр. Кейбіреуінің хабарлауынша, жолдамасына толық ақша төлегенмен, қонақ үйлер олардан ақша сұрай бастаған. Германия сыртқы істер министрлігі жақын арада төтенше мәжіліс өткізіп, оларды отанына қайтару жолдарын қарастырады. Ал осы кезде Томас Кукпен еншілес неміс әуетасымалдаушы компаниясы Condor Германия үкіметінен көмек сұрады. Компания дағдарыстаны шығу үшін 200 миллион еуро несие беруін сұрап отыр.

1841 жылы құрылған Thomas Cook - туристтік нарықтағы ең көне фирмалардың бірі. Жыл сайын олар 19 миллион жолдама сататын.

Корнелия Бер, жолаушы:

- Біз әуежайда тұрмыз, ал біздің ұшағымыз Канар аралдарына ұшып барады. Бізді ішке жіберген жоқ. Мұны билеттің банкротқа ұшыраған компаниядан сатып алынуымен түсіндіреді. Демалатын қонақ үйіміз де төленбеген деп ойлаймын. Үйге қайтып, төлеген ақшамды қайтаруға тырысамын.

Хольгер Хоппердитцель, заңгер:

Кейбір мейманханалар қосымша ақша төлемейінше, қонақтарын жібермей отырғанын естідік. Бірақ Германия заңдары бойынша бұлай істеуге болмайды. Бүкіл жауапкершілік жолдамалар сатқан компанияға артылуы тиіс. Thomas Cook-пен серіктес неміс компанияларынан жолдама сатып алған адамдардың өтемақы алуға құқығы бар. Олардың жолдамалары толық құнына сақтандырылған.

Хабар 24 телеарнасы