389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирияда жүретін әскери операцияға дайындықты аяқтады

  • 210
  • UPD: 09:43, 24.09.2019
Түркия Сирияда жүретін әскери операцияға дайындықты аяқтады moika78.ru

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери жорық күрттердің бақылауындағы жерлерді содырлардан тазартуды көздейді.

Дегенмен, бұл қадамның қашан іске асатыны белгісіз. Ердоғанның айтуынша, ресми Анкара Вашингтонның Түркияда тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясының» қолдауына үнсіз қалмайды.

Режеп Тайып Ердоған, түркия президенті

- Түркия Сирияда бастайтын әскери операцияға дайындықтарын тәмамдады. АҚШ біздің стратегиялық серіктесіміз. Сондай-ақ НАТО құрамында одақтас елміз. Дегенмен, біз ресми Вашингтонның лаңкестік ұйымдарға жасаған қолдауына көз жұма алмаймыз. Бүгінде аймақ «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымнан» азат етілді. Алайда, оның орнына Сириядағы ұсақ ұйымдардан біріккен «Демократиялық күш» тобы шықты. Оның басқа лаңкестік ұйымдардан еш айырмашылығы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы