389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда бір аптаның ішінде 6 мыңнан астам босқын ұсталды

  • 155
  • UPD: 11:57, 24.09.2019
Түркияда бір аптаның ішінде 6 мыңнан астам босқын ұсталды

Олардың дені Ыстамбұлды паналаған.

Бұл туралы елдегі «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі Меруерт Қанағат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өкілетті органның мәлімдеуінше, заңсыз келімсектерді құрықтауға арналған арнайы операциялар бірнеше провинцияда ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде, 6122 босқын ұсталған. Оның 1 мыңнан астамы Сирия азаматы. Қалғаны Ауғанстан, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен. Бұдан бөлек, Түркия елі босқындар үшін Еуропаға өтетін көпір іспетті.

Айта кеткен жөн, Түркияны жалпы 5 миллионға жуық босқын паналаған. Оның тек 1 миллионнан астамы тіркелген. Бүгінге дейін шекара асқан келімсектердің тек қана 350 мыңы елдеріне оралған. Сонымен қатар, босқындар қауымдастығының деректеріне сәйкес, Түркияда 8 жылдың ішінде 400 мыңнан астам Сирия азаматы туылған.

Хабар 24 телеарнасы