389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жалпы өндірілетін электр қуаты елді толық қамтамасыз етеді

  • 183
  • UPD: 14:21, 24.09.2019

Алайда ара-тұра қиындық орнап, тапшылық та болып тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық саны жылдам артып, өндірісі қарқынды дамыған Израильде келешекте электр қуатының жетіспеушілігін сезінуі мүмкін.

Израильдің негізгі электр станциясында түтіндеген мұржаларды көрмейсің. Мұнда отын ретінде табиғи газ қолданады. Газ кеніші осыдан бірнеше жыл бұрын елге тиесілі Жерорта теңізінің бөлігінде ашылған. Алайда станция аумағында тау болып көмір үйілген және мазут толған резервуарлар тұр.

Амир Бахрон, Израиль энергетикалық компаниясының өкілі:

- Көптеген жылдар бойы газды Египеттен алып жүрдік. Алайда газ құбырында болған бірнеше жарылыстан кейін мазутқа көштік. Бұл өте қымбат болып шықты. Кейін ел аумағында газ кеніші ашылып, соған ауыстық. Өз станцияларымызда отынның барлық түрін қолдана аламыз, ең бастысы жұмысымызды тоқтатпауымыз керек.

Израильде электр қуатының тапшылығы байқалмайды, бірақ жинақталған қор да жоқ. Қарбалас кезде станциялардың шамасы әрең жетеді. Мұндай қиыншылықтар әдетте аптап ыстықтан елде миллиондаған кондиционер іске қосылатын шілде мен тамыз айларында немесе қыста жылытқыш пайдаланғанда болып тұрады.

Игаль Ярдин, Израиль энергетикалық компаниясының өкілі:

Инфрақұрылымыз жақсы жағдайда. Газға ауысқалы тарифтерміз де төмендеді. Алайда Египеттен газ жетпей жүргенде, отын ретінде пайдаланған мазут үшін компания үлкен қарызға батты. Осының салдарынан жаңа станса құрылысын бастай алмай жүрміз.

Елде электр қуатын үнемедеу үшін түрлі технологиялар қолданылып келеді. Олардың арасында жүздеген миллион доллар үнемдейтін Күн бойлерлері бар. Суды ысыту үшін қолданылатын бұл құрылғылар Израильдегі барлық үйлерге орнатылған. Заң бойынша мұнда бойлерсіз үй салуға рұқсат берілмейді.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы