389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ босқындар дағдарысы жөнінде халықаралық конференция өткізбек

  • 193
  • UPD: 13:37, 24.09.2019
Еуроодақ босқындар дағдарысы жөнінде халықаралық конференция өткізбек

Еуроодақ Венесуэладағы босқындар мәселесін шешуге көмектесу үшін халықаралық конференция өткізбек.

Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясында Венесуэла жөніндегі халықаралық байланыс тобының өкілдері хабарлады.

Мамандардың айтуынша, халықаралық қауымдастық босқындарды қабылдап жатқан елдерге барынша қолдау көрсетулері керек. «Әсіресе, баспанамен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және азық-түлік мәселелерінде көмектесу қажет», - дейді олар. Осыған байланысты аталмыш шара қазан айында Брюссель қаласында жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы