389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаити сенаторы парламент ғимаратында оқ атып, 2 адам жарақат алды

  • 159
  • UPD: 13:41, 24.09.2019
Гаити сенаторы парламент ғимаратында оқ атып, 2 адам жарақат алды

Гаити сенаторы парламенттің жоғарғы палатасы ғимаратында оқ атты. Салдарынан 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендердің бірі Associated Press агенттігінің фототілшісі болса, енді бірі Сенат аппаратының қызметкері екен. Қазір олар ауруханаға жатқызылған. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқ атқан сенатордың айтуынша, оқиға сайлау салтанаты басталар сәтте орын алған. Ғимаратқа бір топ шеруші басып кіргендіктен, қорғаныс мақсатында қару қолдануға мәжбүр қалған. Осыған байланысты шара кейінге қалдырылыпты.

Хабар 24 телеарнасы