389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда арнайы операция кезінде 35 адам көз жұмды

  • 175
  • UPD: 13:49, 24.09.2019
Ауғанстанда арнайы операция кезінде 35 адам көз жұмды

Ауғанстанда үкіметтік күштер шабуылынан 35 адам оққа ұшты. Тағы 13 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бақилық болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Әскерилер тәліптер жасырынған ғимаратқа оқ жаудырыпты. Алайда үйлену тойы болып жатқан көрші үйдегі азаматтар мерт болған. Белгілі болғандай, үйде жасырынып келген тәліптер жасағы жанкештілерді дайындаумен айналысып келген. Жалпы Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сай шабуыл нәтижесінде 22 лаңкестің көзі жойылып, тағы 14-і тұтқындалған. Олардың ішінде шетелдіктер де бар.

Нақтырақ айтсақ, бесеуі пәкістандық және тағы біреуі Бангладеш азаматы.

Хабар 24 телеарнасы