389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үш елдің басшылары Сауд Арабиясының мұнай зауытына шабуылды Иран жасады деп есептейді

  • 247
  • UPD: 17:26, 24.09.2019
Үш елдің басшылары Сауд Арабиясының мұнай зауытына шабуылды Иран жасады деп есептейді

Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Сауд Арабиясының мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуылдың артында Иран тұр деп есептейді.

Бұл туралы Бас Ассамблея сессиясы барысында жарияланған ортақ мәлімдемеден белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш елдің басшылары аталмыш шабуыл ірі қақтығысқа әкелуі мүмкін дейді. Осыған байланысты Джонсон, Макрон және Меркель аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау үшін жұмыла жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар олар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты әрекет ету жоспарына да тоқталып, Иранды осы келісімде көрсетілген барлық міндеттемелерді орындауға шақырды.

Естеріңізге салсақ, 14 қыркүйекте Сауд Арабиясының Абкайк пен Хурайс мұнай кен орындарына дронмен шабуыл жасалды. Cалдарынан мұнай өндірісінің көлемі 5 млн баррельге қысқарып, шикізат бағасы шарықтап кеткен болатын

Хабар 24 телеарнасы