389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда жойқын жер сілкінісі болды, адам шығыны бар

  • 224
Пәкістанда жойқын жер сілкінісі болды, адам шығыны бар

Пәкістанда қуаты 5,8 балдық жер сілкінісі орын алды.

Салдарынан 22 адам қайтыс болды. Тағы 200-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алды. Сілкініс ошағы Лахора қаласынан 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпуінің қуатты болғаны соншалық, ол көршілес Үндістан елінде де сезілген. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған әскерилер де жұмылдырылған. Табиғат апатынан көптеген үй мен ғимарат қираған. Зілзаладан келген шығынның көлемі әлі белгісіз.

Айта кетейік, 2005 жылы Пәкістанның осы Кашмир аймағында жойқын жер сілкінісі болып, 80 мың адам көз жұмған .

Хабар 24 телеарнасы