389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай полицейлері Белград көшелерін неге күзетіп жүр

  • 184
Қытай полицейлері Белград көшелерін неге күзетіп жүр

Жуырда Белград орталығында өзге елдің полицей формасын киген адамдар пайда болды.

Олар – Қытайдан арнайы келген тәртіп сақшылары. Аталған полиция қызметкерлері енді сербиялық әріптестерімен бірге жаяу жүргіншілерге арналған бас көшені күзетеді. Сонымен қатар орталық саябақ, әуежай мен сауда орталықтарын бақылайды екен. Қытай полицейлеріне деген қажеттілік аталмыш елден келетін туристер легінің артуынан туындапты.

Зоран Йованович, Сербия елінің полицейі:

– Қытайдан келген полицейлердің өкілеттігі шектеулі. Олар туристермен арадағы байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі қытайлық тәртіп сақшыларының арқасында саяхаттаушылармен тілдесу жеңілдей түседі.

Қытай полицейлерінің Сербияға келуінің тағы бір себебі – Балқан түбегі елдерінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қосылуында. Бүгінде қытайлық компаниялар жергілікті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырып келеді. Және оны жүзеге асыру үшін қытайлық жұмысшылар тартылады екен.

Хабар 24 телеарнасы