389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран экологиялық таза отынды белсенді игеріп келеді

  • 188
  • UPD: 12:12, 25.09.2019

Елі мұнай мен газ қорларына бай болғанымен, Иран үкіметі жаңғыртылатын қуат көздерін дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді.

Ел астанасы Тегеранның бүкіл жолдарында бағдаршамдар күн қуатынан істейді. Сондай-ақ түнгі уақыттан көшелерді жарықтандыратын шамдар да күн батареяларынан қуаттанады. Иранда жылына 300-ден аса күн шуаққа бөленген, сол себептен бұл баламалы қуат көздерін қолдануға ең ыңғайлы елдердің бірі саналады.

Иран экологиялық таза отынды белсенді игеріп келеді. Жақында Хамадан провинциясында қуаты 7 мегаватт күн электр станциясы іске қосылды. Үкімет Фаменин мен Хамедан провинцияларында осындай тағы екі кешенді салуды көздеп отыр.

Моджтаби Таджик, инженер:

– Көп ұзамай, Хамадан провинциясында 6 күн электр станциясы жұмыс істейді. Осылайша бұл аймақ 45 жарым мегаватт өндіретін Иранның күн энергетикасының орталығына айналады. Өкімет 2022-жылға дейін күн мен жел электр стансаларының қуатын 5000 МВт-қа дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Күн қуаты негізінен ауыл шаруашылығында және көшелерді жарықтандыруда пайдаланылады. Соңғы жылдары елде жел энергетикасы да қарқынды дамып келеді. Алдағы 3 жылда 25 провинцияда қуаты 6 мың мегаваттан асатын жел электр станциясын орнтау жоспарда бар.

Эбрахим Нозэхи, энергияны үнемдеу жүйелері және баламалы энергия көздері бойынша маман:

– Бүгінде Иран – Таяу Шығыстағы жел турбиналарының ең ірі өндірушісі. Айта кетер жайт, 7-ғасырда салынған парсылардың ежелгі жел диірмендер жүйесі әлі күнгі дейін істеп отыр. Бұл – Иранның ауа райы, күн шуағы мен күшті желдері ауаны ластамай, тек табиғат күшін пайдаланып өмір сүруге болатынын жүздеген жылдар бойы көрсетіп келеді. Баламалы қуат көздері ең алдымен ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпте қолданылады.   

Жалпы Иранның жасыл энергетиканы дамытуда жоспары зор. Бұл жобалар елге жаңа инвесторларды тартып, ел тұрғындарын қуантып жүр. Экологиялық таза энергияға біртіндеп ауысу Иран қалаларын фабрикалар мен автокөліктер шығаратын түтіннен тазартуы керек.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша и Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы