389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде күн энергиясын дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыты

  • 205
  • UPD: 13:29, 25.09.2019

Израильде күн энергиясы көп жылдан бері қолданып келеді.

Бұл баламалы энергия көзінің қоршаған ортаны қорғауға да көмегі көп. 

Мына шағын ауылдың тұрғындары бірнеше жылдан бері электр энергиясы үшін аз төлейді. Себебі оның аумағында жаңа күн станциясы орналасқан. Ол күн сәулесін пайдаланатын ірі айна арқылы жұмыс істейді. Бірегей станция жүзім бағының ішіне қойылған. Оның артық жылуымен тіпті су да ысытылады. 

Моше Кармель, күн электр станциясының басшысы:

– Станциядағы жүйе үлкен айнаның күнмен бірге айналуы арқылы жұмыс істейді. Оның әрекеті күнбағысқа ұқсайды. Ол күнмен бірге қозғалады.

Израильде күн энергиясын дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Келесі жылы елде өндірілетін электр энергиясының 10 пайызы баламалы қуат көздерінен алынуы керек. Алайда қағазбастылық оның дамуына көп кедергі келтіруде.

Моше Кармель, күн электр станциясының басшысы:

– Осы станцияның арқасында шағын ауылға электр энергиясы және ыстық су әлдеқайда арзанға түсуде. Бірақ бұл тек мемлекеттік қаржыландырумен жүзеге асырылып келеді. 

Бұл жүйе - жаңа тәжірибе. Ол әлі өндірістік жолға қойылмаған. Оның негізі кремний элементтерінен құралған. Жарық фотодиодтарға түсіп, линза арқалы энергия жүйесіне беріледі. Мұндай бөлшектерден қабырға тұрғызуға да болады.

Ави Саси, жүйені құрастырушы:

– Біздің модульді ғимаратты безендірудің бір түрі ретінде де қолдаунға болады. Ең бастысы қолайлы материал мен оны құрастырудың жолын табу керек.

Қазір шағын ауылда әр отбасы осы станция арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Бірақ олар ортақ жүйеден бөліне алмайды.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы