389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антониу Гутерриш: Әлемге екіге бөліну қаупі төне бастады

  • 227
  • UPD: 13:57, 25.09.2019

Әлемге екіге бөліну қаупі төне бастады. Мұндай пікірді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Бас Ассамблеясының 74-сессиясында айтты.

Халықаралық ұйым басшысының айтуынша, АҚШ пен Қытайдың текетіресі осындай ойға жетелейді. «Себебі екі алып мемлекет жеке валютасы бар, сауда және қаржы тәртіптері бөлек, бір-біріне бақталас әлем құруы мүмкін. Геосаяси және әскери стратегиялары өзгеше бұл елдердің көп салада тартысы күшейген. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін халықаралық құқыққа бағынған жалпыға ортақ экономиканы құру қажет», – дейді БҰҰ Бас хатшысы.

Хабар 24 телеарнасы