389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Американдықтар ерекше киіз үйде тұрып жатыр

  • 438
  • UPD: 10:32, 26.09.2019

Американың Орегон штатында жергілікті тұрғындар, ерлі-зайыпты Зак пен Николь заманауи киіз үй жасап шықты.

Бұл туралы YouTube желісіндегі Living Big In A Tiny House каналында видео жарияланды.

Ерекше құрылыстың диаметрі – 9 метр. Киіз үй жайлы өмір сүруге керекті барлық жабдықпен қамтылған. Құрылымы жағынан да бірқатар ерекшеліктерге ие. «Киіз үй – өте әдемі, жайлы әрі жинап-құрастыруы оңай»,– дейді жастар.

Зак пен Николь көшпенді халықтың дәстүрлі жылжымалы баспанасына жаңа көзқараспен қарауға шақырады.

«Сәулет жағынан да келіскен бірегей дүние пайда болды», – делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы