389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кашмирдің Пәкістанға қарасты бөлігінде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

  • 193
  • UPD: 09:58, 26.09.2019
Кашмирдің Пәкістанға қарасты бөлігінде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Пәкістанға қарасты Кашмир аймағында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті.

Бұған дейін 22 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. Тағы 500-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылған. Жергілікті билік табиғат апатының құрбандары әлі де артуы мүмкін дейді. Өйткені зілзаладан зардап шеккендердің  жағдайы өте ауыр. Айта кетсек, кеше Пәкістанда қуаты 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы ЛахОра қаласынан 170 шақырым қашықтық жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің қуатты болғаны соншалық ол көршілес Үндістан елінде де сезілген.

Хабар 24 телеарнасы