388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда зейнеткерлер волонтерлікпен айналысады

  • 185
  • UPD: 11:42, 26.09.2019

Әдетте түрлі әлеуметтік жобаларда ерікті болып жастар істейді. Бұл оларға шет тілдер білімі мен өзге де кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда қоғам дамуынан шет қалмай, бұл жұмысқа белсенді араласқысы келетін зейнеткерлер де бар. Әзербайжанда кейбір салаларда еріктілер қатарында егде жастағыларды көруге болады.

Әзербайжанда халыққа түрлі әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсететін бірқатар жаңа құрылымдар бар. Бұл ұйымдар өз жұмысына үнемі еріктілерді тартып келеді. Мұнда жастар ғана емес зейнеткерлердің де қоғамдық белсенділігін танытуға жол ашық. Ирада Аббасова 63 жаста. Зейнетке шыққанан кейін, қол қусырып отырмай әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұрған.

Ирада Аббасова, ерікті:

- Еркітілер туралы хабарландыруды интернеттен көрдім. Сосын құр отырмайын деп, жұмысқа шықтым. Негізінен зейнеткерлерге көмектесеміз. Әрқайсымыздың өз қызметіміз бар. Біз кеңес беріп, оларға қажетті мамандарды жіберіп тұрамыз. Сағат таңертеңгі оннан екіге дейін істеймін. Шаршамаймын. Тіпті үйге де барғым келмейді. Адамдарға пайдалы іс қылу ұнайды өзіме. 

Ирада Аббасованың айтуынша, зейнетке шыққаннан кейін үйде отыру шарт емес. Ол өзге адамдарға көмектесумен қатар қосымша табыс та табады. Жалпы волонтерлер үшін қажетті жағдай жасалып, үнемі тренингтер өткізіледі.

Парвиз Мамедли, еріктілер тобының жетекшісі:

- Мұнда зейнетақы, өтемақы және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Еріктілердің бұл мәселелерді терең білгенін қалаймыз. Әр 10-15 күн сайын түрлі тақырыптарда треннингтер өткіземіз. Жақында ымдау тілі бойынша жаттығу жүргіздік. Бұл керең-мылқау кісілірге көмек бере алу үшін ұйымдастырылған шара. 

Сондай-ақ елде «Үшінші жастық» атты ұйым бар. Бұл орталық волонтерлік жұмысқа негізінен зейнеткерлерді тартып келеді. Соның арқасында бірқатар егде жастағы адамдар бай тәжірибесімен бөлісіп, қоғамға пайдалы іс атқарып жүр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы