389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада волонтерлік туралы заң еріктілер санына әсер етті

  • 207
  • UPD: 12:36, 26.09.2019

Украина халқының 8 пайызы волонтерлік жұмыспен айналысады екен. Бұл туралы мемлекет бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі көрсеткен. Елдегі еріктілер ісінің дамуына 8 жыл бұрын қабылданған арнайы заң әсер еткен. 

Анна Бондаренко Украина волонтерлік қызмет орталығының құрылтайшысы. Бұл орталық 2012 жылдан бері жұмыс жасайды, ел бойынша оннан астам қаласында бөлімшесі тағы бар.  Құрамында қырыққа жуық ерікті қызмет атқарады. Елдегі еріктілер ісінің дамуына 2011 жылы қабылданған «Волонтерлік қызмет» жайлы Заң әсер еткен. Бұл заңнама аясына еріктілер қоғамы дербес дамиды әрі ерікті не болмаса еріктілікпен айналысатын орталық волонтерлік бағытты, уақытты, көмек түрі мен көмек көлемін өздері таңдауға құқылы. Әлбетте еріктілерге еңбегі үшін ақша ешқашан төленбейді дегенмен: 

Анна Бондаренко, Украина волонтерлік қызмет орталығының құрылтайшысы:

- Украинадағы волонтерлік мәдениет ең алдымен адамдық қасиет пен кісілік қарым-қатынастан тұрады. Кез келген ұйым, компания еріктілерді қызметке тарқанда оларға алғысты әртүрлі жолмен жеткізеді. Әрине қаржылық марапат берілмейді.  Дегенмен, ұйымдардың 80 пайызға жуығы еріктілерге оқу сертифкаты не болмаса белгілі бір компанияда тәжірибеден өту сияқты сыйлықтар жасайды. 

Украинадағы волонтерлік іс соңғы бес жылда қарқынды дамыған. Қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік жобалармен қатар оқу-ағарту саласына да еріктілер еркін араласа бастаған. Айталық, ауыл мен аудандарда шетел тілдерін тегін оқыту сияқты іспен де волонтерлер айналысатын болған, - дейді Анна.

Анна Бондаренко, Украина волонтерлік қызмет орталығының құрылтайшысы:

- Қазір Украинада оқыту бағдарламасына қатысты тренд байқалады. Мысалы, ауылдарда кішігірім клуб құру қолға алынған. Жас аналар немесе футбол клубтарын еріктілер құрады. 10-15-20 адам бірігеді, ерікті сол клубтың кураторы болып тағайындалады. Кіші және үлкен қалаларда ағылшын тілін оқутуға қатысты орталықтар ашылған, волонтерлер аптасына бір рет тілді тегін оқытады.  

Алты айдан астам ерікті қызметін атқарған жас адам ортамен тез тіл табысу, шебер сөйлеу, іс қағаздарымен тиянақты жұмыс жасау сияқты қасиеттерді жақсы меңгереді екен. Әлеуметтік зерттеу Украина халқының 6-8 пайыз адамы волонтерлік жұмыспен айналысатынын көрсеткен. Ал  Еуропа елдерінің жастары резюмесінде «волонтерлікпен айналысқам» деп көрсетке, ондай азаматты жұмысқа қабылдаудың мүмкіндігі бірден артады екен.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы