389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық валюта қорының басшысы сайланды

  • 246
  • UPD: 14:03, 26.09.2019

Халықаралық валюталық қордың жаңа басшысы болып болгариялық Кристалина Георгиева сайланды.

Мұндай шешімді ұйымның Атқарушы кеңесі қабылдады. Оны бұл лауазымға Еуропалық елдер ұсынған. Осылайша халықаралық қаржы ұйымын алғаш рет дамушы елдің азаматы басқарайын деп отыр. Айта кетейік, Кристалина Георгиева Халықаралық валюталық қордың бұрынғы басшысы Кристин Лагардты ауыстырады. Ол бұған дейін Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры қызметін атқарып, Еурокомиссияның мүшесі болған.

Хабар 24 телеарнасы