389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдің жаңа үкіметін кім жасақтайтыны белгілі болды

  • 177
  • UPD: 14:13, 26.09.2019
Израильдің жаңа үкіметін кім жасақтайтыны белгілі болды

Израильде жаңа үкіметті елдің «Ликуд» партиясының жетекшісі Биньямин Нетаньяху жасақтайтын болды.

Президент Реувен Ривлин осындай шешім қабылдады. Себебі бұған дейін парламент үкімет басшысы лауазымына үміткерлерді дауысқа салып, Биньямин Нетаньяхуды 55, ал оның қарсыласы Бенни Ганцты 54 депутат қолдаған. Еске сала кетейік, өткен аптада Израильде мерзімнен тыс парламенттік сайлау өтіп «Кахоль-Лаван» одағы 33, ал «Ликуд» партиясы 32 орынға ие болды. Осыдан кейін президент Ривлин екі саясаткерге коалициялық үкімет құруды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы