389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Борис Джонсон Brexit мәселесінде айтқанынан қайтпай отыр

  • 168
  • UPD: 14:39, 26.09.2019
Борис Джонсон Brexit мәселесінде айтқанынан қайтпай отыр

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Еуроодақ құрамынан қазанның 31-і күні келісімшартсыз шығуға ниетті екенін тағы қайталады. 

Үкімет басшысы мұны парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Себебі қазір қауымдар палатасындағы көп депутаттар брекситке қарсылық білдіріп, кедергі келтіруде екен. Айта кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын Британияның төменгі палатасы премьер-министрге Одақтан келісім-шартсыз шығуға тыйым салған. Бірақ осыған қарамастан Борис Джонсон елдің ұйымнан қазанның 31-і күні шығатынын қайта-қайта айтуда.  

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Мен Брекситті жүзеге асырғым келеді. Халық та біздің Одақ құрамынан 31 қазанда шыққанымызды қалап отыр. Біз ұйымнан бөлінуді келісімшарт арқылы жүзеге  асырамыз деп үміттенемін. Бірақ егер мұндай мүмкіндік болмаса біз Одақтан келісімсіз де шыға аламыз.

Хабар 24 телеарнасы