389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

  • 202
  • UPD: 14:16, 26.09.2019
Индонезияда қуатты жер сілкінісі болды

Индонезияның Серам аралында 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Амбон қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым жерде тіркелді.

Табиғат апатынан үйлер мен ғимараттар қирап, бүлінген. Әзірге зілзаладан жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Айта кетейік, өткен жылы қыркүйек айында осы елдің Палу провинциясында 7,5 балдық жер сілкінісі болып, цунами соғып, 4 мыңнан астам адам көз жұмды. Ресми дерекке сүйенсек, 57 мың тұрғын әлі күнге дейін уақытша орталықтарда тұрып жатыр. Өткен айда жүз мыңнан астам адамға гуманитарлық көмек көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы