389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

  • 195
  • UPD: 16:50, 26.09.2019
Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак 87 жасында дүниеден озды.

Бұл туралы FrancePress-ке саясаткердің отбасы өкілдері хабарлаған.

Француздық тағы бір басылым – «Фигаро» Жак Ширактың бейсенбіде Париждегі үйінде қайтыс болғанын жазады. Газеттің хабарлауынша, 2005 жылы ол инсульт алған, содан бері бірнеше рет ауруханаға түскен.

Ширак Францияның президенті ретінде 1995 жылдан 2007 жылға дейін қызмет етті.

Хабар 24 телеарнасы