389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

  • 273
  • UPD: 21:14, 26.09.2019
Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Түркияда жер сілкінді. 5,9 балдық зілзала Ыстамбұл шаһарында тіркелген.

Жер асты дүмпүлері Жерорта теңізімен шекаралас 6 провинцияда сезілген. Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Соңғы ақпарат бойынша, бір жасөспірім Есенюрт шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйден секіріп кеткен. Шаһардағы Фатих Сұлтан Мехмет көпірінің қақ ортасына сызат түсіп, жол қозғалысы тоқтаған. Тағы Авжылар шағын ауданында мешіттің мұнарасы құлаған. Мегаполистегі оқу орындары мен түрлі мекеме қызметкерлері дереу эвакуацияланды. Мамандар жер сілкінісі қайталануы мүмкін деп отыр.

Кемал Саллы, Ыстамбұл тұрғыны:

– 1999 жылы Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне куә болдым. Сондықтан табиғи апаттың салдарының қандай болатынын білемін. Бұл – бір аптада болған үшінші жер сілкінісі. 6 балдық зілзала оңай емес. Отбасымызбен үйден шығып, орталықтарда жиналдық. Туған-туыстарымызға хабарластық.

Хабар 24 телеарнасы