389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Danske Bank-тің бұрынғы басшысының денесі табылды

  • 194
Danske Bank-тің бұрынғы басшысының денесі табылды

Таллин полициясы Danske Bank-тің Эстониядағы филиалының бұрынғы басшысы Айвар Рехенің денесін тапты.

Банкир дүйсенбі күні із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның денесі өз үйіндегі бақтан табылған. Әзірге полиция өкілдері істің мән-жайын ашып айтпады, белігілісі банкирдің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған. Бұған дейін Данияның ең ірі қаржы ұйымы қаржы дауына іліккен еді. Банктің он қызметкері шамамен 300 миллиард еуроға күмәнді операция жасады деген күдікпен ұсталған. Кейін Рехе осы іске куәгер ретінде тартылды. 

Хабар 24 телеарнасы