389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысын талқылады

  • 188
  • UPD: 10:08, 27.09.2019

Сеулде бүкіләлемдік білім форумы өтіп жатыр. Конференция аясында жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікірталастар өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысын американдық тарихшы Нил Фергюсон мен қытай экономисті Джастин Ифу Линь талқылады. Америкалық ғалым Қытайды өндірістік тыңшылықта деп айыптады. Өз кезегінде, қытай экономисі «қытайлық компаниялар сот ісінің 80%-ін жеңіп алды, технологиялық тыңшылық туралы сын еш дәлелсіз» деді. Пекин университетінің профессоры АҚШ-қа ішкі дағдарысқа жауаптыларды іздеуге кеңес берді. «АҚШ-тағы сауда тапшылығы өз елінде пайда болды, өндіріс көлемі аз, ал тұтыну тым көп. Сондықтан басқа елдерді АҚШ-тың ішкі проблемаларына кінәлай алмайсыз », - деді Джастин Ифу Линь.

Джастин Ифу Линь, Бейжің университетінің профессоры:

- Әлемдік экономиканың, оның ішінде АҚШ пен Еуропаның құлдырап бара жатқаны және бұл Қытайға әсер етіп жатқаны ақиқат. Экономикамыз баяулауда, бірақ мен жылдық өсу қарқыны 6%-ке жететініне сенімдімін.

Нил Фергюсон, Гарвард университетінің профессоры:

Қытай торға түскен. Экономика бәсеңдеп жатыр, АҚШ пен Қытай арасындағы алшақтығы алдағы онжылдықта бір балалы саясат пен коммунизм салдарынан кеңейеді.

Хабар 24 телеарнасы