389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі сән апталығында экологиялық таза киім ұсынылды

  • 210
  • UPD: 09:18, 27.09.2019
Париждегі сән апталығында экологиялық таза киім ұсынылды

Парижде сән апталығы аясында ерекше шара өтті. Қала орталығында фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда қайта өңделген маталардан тігілген киім киген түрме тұтқындарының суреттері қойылған. Экологиялық және әлемеуттік мода – сән саласының жаңа бір үрдісі. Суреттерде Саккина Мса жасаған киімдер жиынтығы ұсынылған. Ол оны қоршаған ортаны қорғауға арналған шерулердің әсерімен жасап шығарған. Модельер әлемнің тұрақты дамуына тұтыну саласы да өз үлесін қосуға тиіс деп санайды. Статистикалық мәліметтер бойынша сән саласының үлесіне ауаға шығарылатын газдар мөлшерінің 10% тиіп тұр. Киім мен аксессуарлар өндірісі әлемдегі бүкіл ұшақтар мен кемелерден гөрі көп электр қуатын тұтынады екен.

Сакина Мса, модельер:

Біз әрекет ете алатын көптеген салалар бар. Мысалы киімді жалға алу. Киімді мүлде шығармау керек деп айтып тұрған жоқпын, онсыз сән саласы құрып кетеді. Алайда, Францияда адамдар бар киімінің тек үштен бірі пайдаланады. Біз тым көп киім сатып алып, оның көбісі жай шкафта ілініп тұрады деп санаймын. Бәлкім оны жалға беру керек шығар.

Хабар 24 телеарнасы