389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде тамақ өнімдерінің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

  • 230
  • UPD: 09:26, 27.09.2019
Мәскеуде тамақ өнімдерінің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Мәскеуде World Food Moscow-2019 атты тамақ өнімдерінің 28-халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Ресейде күзде өтетін ең ірі тағамдар көрмесі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ірі сауда жүйелері және көтерме сауда саласының өкілдері мұнда жаңа өнімдерін танысып, келісімшарттар жасайды. Қазақстандық өндірушілер үшін бұл көрме өз сауда ауқымын кеңейтіп, ресейлік нарыққа шығудың жақсы мүмкіндігі.

Нұрия Мұстафина, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі:

- Ұлттық стендті Қазақстан сауда және интеграция министрлігі, Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған. Биыл көрмеге 23 компания қатысып отыр. Былтыр 11 компания болған. Ең үздік қазақстандық тағам өндірушілер өз өнімдерін ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы