389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майк Помпео: Иранмен жасалған ядролық келісімнің келешегі жоқ

  • 214
  • UPD: 09:52, 27.09.2019
Майк Помпео: Иранмен жасалған ядролық келісімнің келешегі жоқ

АҚШ еуропалық серіктестерін 2015 жылғы Иранмен ядролық келісімнің келешегі жоқ екеніне сендірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Майк Помпео мәлімдеді. Оның айтуынша, Сауд Арабиясына жасалған шабуылдан кейін Еуропа елдері Иранға қатысты ұстанымы өзгерте бастаған. Себебі, Тегеранмен жасалған келісім Таяу Шығыста бейбітшілік орнатпайтынына көздері жетті.

Еске сала кетейік, АҚШ бастаған 5 мемлекет Иранмен ядролық келісімге 2015 жылы қол қойды. Бірақ өткен жылы Құрама Штаттар одан шығып, Иранға қарсы санкцияларды қайта бастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы