389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда полиэтиленді дорбалардың қолданысы 75%-ке азайды

  • 181
  • UPD: 11:21, 27.09.2019

Қазір түрік елі экологиялық проблемаларға ерекше мән беріп, әрекетке көшкен.

Елде тұрмыстық қалдықтарды жою бойынша ауқымды жоба іске қосылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері полиэтиленді дорбалардың қолданысы 75%-ке азайыпты.

«Нөлдік қалдық». Түрік елінің қоқысты қайта өңдеу жобасы осылай аталады. Оған сәйкес барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық жерлерде қоқысты сұрыптайтын түрлі түсті жәшіктер қойылған. Басты мақсат – экологиялық зиянды азайтумен қатар экономикалық пайда көру.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Түркиядағы пластикалық дорба қолданысы 75%-ке төмендеді. 2023 жылы шамамен 400 мыңнан астам тұрғын үй жоба аясында қоқыстары толық өңделетін болады.

Түркияда полиэтиленді дорбаларға сұраныстың азаюына олардың биылдан бастап ақылы болуы себеп. Бүгінде әрбір дорбаның құны 25 куруш, яғни 17 теңге. Сондықтан жергілікті халық арнайы сөмкелерге көшкен.

Блиц 1:

Түркияда полиэтиленді дорбаларға қатысты шыққан заңды қолдаймын. Себебі, бұл дорбалар қоршаған ортаға өте зиян екені мәлім. Өзім шыттан жасалған сөмкемді ылғи алып жүремін. Таныстарымды да полиэтиленді дорбалардан бас тартуға шақырамын.

Блиц 2:

- Дүкендегі полиэтиленді дорбалардың құны 25 куруш. Көп аздан жиналады демекші, көзге көрінбесе де, бұл да бір қаражат. Сондықтан сөмкемді үйден алып келемін.

Бүгінде Еуропа мен Американың пластикалық қоқыстары Түркияда сұрыпталады. Бірақ бұл жағдайға жергілікті экологтар алаңдаулы. Себебі, қоқыстарды сұрыптау барысында қолданған су, өзен, көл мен егін алқаптарын ластауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы