389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда жер сілкінісінен 20 адам мерт болды

  • 195
  • UPD: 11:27, 27.09.2019
Индонезияда жер сілкінісінен 20 адам мерт болды

Одан басқа 100-ден астам адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар 2 мың тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. 6,5 балдық жерасты дүмпуі Молукку провинциясынде қатты сезілді. Салдарынан аймақтағы бірнеше ғимаратқа зақым келді. Мамандар «табиғат апатынан цунами қаупі төніп тұрған жоқ» дейді.

Айт кетейік, Индонезия сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы