389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook компаниясын АҚШ-тың Әділет министрлігі де тергейтін болды

  • 195
  • UPD: 11:49, 27.09.2019
Facebook компаниясын АҚШ-тың Әділет министрлігі де тергейтін болды

АҚШ Әділет министрлігі де Facebook компаниясын тергегелі жатыр.

Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлады. Қазір бірлестіктің жұмысын Федералдық сауда комиссиясы тексеруде.

«Бірақ бұл екі органның ісі бір-бірін қайталамайды», - дейді агенттік.

Айта кетейік, шілде айында АҚШ билігі Amazon, Facebook, Google және Apple компанияларын тергей бастағаны жайлы хабар тараған. Мәліметке қарағанда, бұл алпауыттар нарықта үстемдікке ұмтылып, бәсекелестікке кедергі келтірген. Және тұтынушылардың мәліметтерін жеткілікті деңгейде қорғамаған.

Хабар 24 телеарнасы