Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лас лайнерлердің жолаушылары Канн қаласына кірмейтін болды

  • 219
  • UPD: 11:56, 27.09.2019
Лас лайнерлердің жолаушылары Канн қаласына кірмейтін болды

Келесі жылдан бастап экологиялық тұрғыдан лас саналатын круиздік лайнерлердің жолаушылары Канн қаласына кіре алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шектеу жанармайдағы күкірт мөлшері 0,1%-тен асатын кемелерге қойылмақ. Мамандардың айтуынша, су көліктері қолданатын бункерлік мазуттың құрамындағы күкірт көлемі дизель отынына қарағанда 2 мың есе көп. «Ал туристік лайнер саны жыл санап артып жатыр», - дейді олар. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде Канн қаласына теңіз жолымен 370 мың турист барған.

Давид Лиснар, Канн қаласының мэрі:

- Теңізде мен ештеңе істей алмаймын. Себебі қала мэрінің құзыреті жағадан 300 метрге дейінгі жерге ғана жүреді. Ал кемелердің тұрақтайтын жері қашықтау. Сондықтан экологиялық тұрғыдан лас круиздік лайнер жолаушыларының қалаға кіруіне шектеу қоюды шештім. Бұл заң тұрғысынан өте қатаң шешім болғанымен, қазір жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар байланысқа шыға бастады.

Хабар 24 телеарнасы