389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп жақтастары Республикалық партияға 6 млн долларды сыйға тартты

  • 194
  • UPD: 12:22, 27.09.2019
Трамп жақтастары Республикалық партияға 6 млн долларды сыйға тартты

Дональд Трамптың жақтастары Республикалық партияға 6 млн доллар бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ президентіне қарсы импичмент рәсімі басталатыны жарияланғаннан кейін партия басшылығы 2020 жылғы оның қайта сайлану науқанына қаржылай жәрдем беруге шақырып, үндеу таратқан.

Еске сала кетейік, импичмент рәсімінің басталуына Дональд Трамп және Владимир Зеленскийдің телефон арқылы сөйлесуі себеп болған. Конгресстің мәлімдеуінше, Трамп Украина президентінен өзінің саяси қарсыласы Джо Байденнің ұлына қарсы тергеу бастауды талап еткен. Хантер Байден бес жыл бойы Украинадағы ірі компанияның директорлар кеңесінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Дональд Трамп Украинаға әскери көмектің бөлінуін екі айға кешіктіргені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы