389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Союз МС-15» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді

  • 204
  • UPD: 14:32, 27.09.2019
«Союз МС-15» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді

Байқоңырдан ұшырылған «Союз МС-15» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына экипаждың жаңа мүшелерін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш ғарышкері Хаззаа Әл-Мансури бар. АҚШ астронавты Джессика Меир және кеме командирі ресейлік Олег Скрипочка да бортта. Соңғы екеуі станцияда жарты жылдан аса уақыт жұмыс істесе, Әл-Мансури сегіз күн болады. Ғарышкерлер 250-ден аса тәжірибе өткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ ашық ғарышқа шығып, станцияға жаңа литий-ион батареяларын орнатпақ.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда Халықаралық ғарыш станциясында алғаш рет бір мезгілде 9 адам тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы