389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда медреседе құлдықта ұсталып келген балалар босатылды

  • 274
  • UPD: 11:16, 28.09.2019
Нигерияда медреседе құлдықта ұсталып келген балалар босатылды 112 Украина

Нигерияның Кадуна қаласындағы медресенің бірінде құлдықта болған 500 бала босатылды.

Олардың ең кішісінің жасы 5-те. Полицяның айтуынша, діни оқу орнының мұғалімдері білім алам деп келген ер азаматтар мен балаларды ұрып соғып, зорлап, түрлі азапқа салған. Ал бұл туралы олардың ата-аналары білмеген. Мұғалімдердің қылмысын белгісіз біреулер полицияға жасырын айтқан соң анықталған. Оқиғаға қатысты 8 ұстаз тұтқындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы