389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда президенттік сайлау басталды

  • 216
  • UPD: 12:58, 28.09.2019
Ауғанстанда президенттік сайлау басталды apkpure.com

Ауғанстанда бүгін президенттік сайлау басталды.

Додаға 14 үміткер түсуде. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен премьер-министр Абдулла Абдулла бар. Ал ел аумағында 5 мың 400-ге жуық сайлау учаскесі ашылған. Олар таңғы сағат 7-ден жұмыс істеуде. Жалпы дауыс беруге 9 миллион 600 мың азамат тіркелген. Ал саяси шараның қауіпсіздігін 100 мың сарбаз қорғайды. Себебі бұған дейін тәліптер сайлауға баратын тұрғындарды жазалайтынын айтып қоқан-лоқы көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы