389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей әуе базасын 2 жылда 118 дрон шабуылдаған

  • 263
  • UPD: 14:59, 28.09.2019
Ресей әуе базасын 2 жылда 118 дрон шабуылдаған

Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасына соңғы 2 жылда 118 дрон шабуылдады.

Бірақ олардың бәріне тойтарыс берілген. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ақпарға қарағанда, ресейлік базаға дрондар көбіне Идлибтің қауіпсіздік аймағынан ұшырылады екен. Бірақ олардың бәрі әуе қорғаныс кешені және радиоэлектрондық құралдар арқылы жойылған. Әкерилер соңғы уақытта содырлардың дрондарды жетілдіргенін айтады. Қазір олар 250 шақырым қашықтыққа және 4,5 шақырым биіктікке дейін ұша алады.

Хабар 24 телеарнасы