389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина фермерлері айдарлы құмайларды құртып жіберуі мүмкін

  • 186
  • UPD: 21:18, 28.09.2019
Аргентина фермерлері айдарлы құмайларды құртып жіберуі мүмкін

Аргентинаның Санта-Крус провинциясында айдарлы құмай құстардың өлігі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Өткен жылдың желтоқсанында Bird Life International басылымы Патагонияда 23 құстың өлгені туралы хабарлаған еді. Ал былтыр түрлі деректер бойынша 90-ға жуық айдарлы құмай құсы өлген. Оған жергілікті малшылардың өз жануарларын аңдардан қорғау мақсатында құрған тұзақтары себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты табиғат қорғаушылары дабыл қағып, биліктің нақты шара қолдануын талап етті. Олар табиғатқа жасалған қастандық үшін кінәлілерді жауапқа тарту керектігін айтады.

Айта кетерлігі, Америкадағы ең үлкен құстардың бірі саналатын айдарлы құмай жойылып кету қаупі төнген қанаттыларға жатады. Бүгінде олардың саны 7 мыңға жетер-жетпес.

Хабар 24 телеарнасы