389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда сайлау учаскелерінде бірнеше жарылыс болды

  • 195
  • UPD: 21:23, 28.09.2019
Ауғанстанда сайлау учаскелерінде бірнеше жарылыс болды

Ауғанстанда бүгінгі сайлау кезінде бірнеше жарылыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы лаңкестік әрекет Қандағар мен Құндыз қаласында жасалған. Қандағарда 15 тұрғын жарақат алса, Құндызда бір сайлаушы қаза тапты. Ал Жалалабад шаһарындағы жарылыстан 1 тұрғын көз жұмып, 4 адам жараланған. Мұнда да лаңкестер сайлау бөлімшесінде жарылыс ұйымдастырған.

Айта кетейік, бүгін Ауғанстанда президенттік сайлау өтіп жатыр. Додада 14 үміткер бақ сынауда. Олардың ішінде қазіргі ел президенті Ашраф Гани мен премьер-министр Абдулла Абдулла бар. Елде 5500-ге жуық сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы