389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда толассыз нөсер мен су тасқыны салдарынан 17 адам көз жұмды

  • 241
  • UPD: 22:57, 28.09.2019
Үндістанда толассыз нөсер мен су тасқыны салдарынан 17 адам көз жұмды

Үндістанда нөсер мен су тасқынынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбіне жай түскен немесе қираған үйдің астында қалып қойған. Қазір апат аймақтарынан 30 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бірнеше штатта көлік жолымен қатар темір жолдар да бүлініп, қатынас үзілген. Ал ауа райын болжаушылар жаңбыр тек алдағы дүйсенбіде ғана саябырситынын айтады.

Айта кетейік, бұл елде маусым айынан бері толассыз жауын жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында 350 тұрғын көз жұмып, мыңдаған адам баспанасынан айырылған.

Хабар 24 телеарнасы