389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде хуситтер 1 мыңнан астам араб әскериін қолға түсірді

  • 236
  • UPD: 10:37, 29.09.2019
Йеменде хуситтер 1 мыңнан астам араб әскериін қолға түсірді

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдердің 1 мың жауынгерін тұтқынға алып, жүздеген сарбазын жер жастандырған.

Бұл туралы хуситтердің ресми өкілі Яхья Сариа мәлімдеді. Айтуынша, әскери операция Сауд Арабиясының Наджран провинциясына жақын шекара маңында жүзеге асырылған. Хуситтер арабтардың 3 бригадасын қоршауға алып, оларға күшті соққы берді. Көп көлемде қару-жарақ пен көлік құралдарын қолға түсірген. Бірақ колациялық күштер оқиғаға қатысты әлі еш мәлімдеме жасаған жоқ. Еске сала кетейік, Йеменде президент Абд Раббу Мансур Хади мен хусит бүлікшілері арасында соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы