389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда қоқыстың дұрыс сұрыпталып, тасталуын арнайы полиция қадағалайды

  • 154
  • UPD: 10:53, 29.09.2019
Бельгияда қоқыстың дұрыс сұрыпталып, тасталуын арнайы полиция қадағалайды

Еуроодақ заңдарына сай тұрғындар қоқысты сұрыптауға міндетті. Мәселен, Бельгияда пластик ыдысы көк, шыны жасыл, қағаз сары, ал өзгелері қара контейнерлерге салынады.

Соңғы кезде тамақ қалдықтарына арналған қызғылт-сары контейнерлер де орнатылған. Ал жер үйде тұратындар қоқысын әртүрлі қаптарға жинап, белгіленген күндері үй алдына шығарады. Әр түсті қаптарды кез келген дүкенде сатып алуға болады. Олардың бағасы әдеттегіден сәл қымбат, бұл үстеме қоқыс шығарудың ақысы. Бір қаптың салмағы 15 келіден, аспауы тиіс. Арнайы қызмет оларды бүкіл қала бойынша жинап тұрады. Бірақ ереже бұзылса, көшеде қалдырып кетуі мүмкін. Бельгияда «қоқыс полициясы» бар, дұрыс сұрыпталмаған қоқыс үшін қомақты айыппұл салынады.  

Фредерик, Брюссель тұрғыны:

- Экожүйені қалыптастыру үшін талаптарды орындап, жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әрине басында ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда уақыт өте келе бұл дағдыға айналып бәрін дұрыс орындайтын боласың. Бұл уақыттың еншісінде.

Хабар 24 телеарнасы