389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамаск АҚШ пен Түркия әскерінің Сириядан кетуін талап етті

  • 216
  • UPD: 15:08, 29.09.2019
Дамаск АҚШ пен Түркия әскерінің Сириядан кетуін талап етті

АҚШ пен Түркия Сириядан әскерін шығаруы тиіс. Бұл екі мемлекеттің шам жеріндегі әрекеті заңсыз әрі Вашингтон мен Анкараның Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймақ құруы халықаралық құқыққа қайшы. Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллем БҰҰ-ның мінберінен осылай деді.

«Егер Вашингтон мен Анкара бұл талапқа құлақ аспаса Дамаск екі ел жасақтарына қарсы кез-келген шара қолдануға құқылы» дейді Сирия өкілі. Айта кетейік, тамыздың 7-сі күні АҚШ пен Түркия босқындар үшін Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құру туралы келісімге келген болатын. Оның ені 30, ал ұзындығы 480 шақырымға созылады.

Хабар 24 телеарнасы