389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit бойынша келіссөз тағы нәтижесіз аяқталды

  • 174
  • UPD: 15:16, 29.09.2019
Brexit бойынша келіссөз тағы нәтижесіз аяқталды

Брюссельде Брексит бойынша кезекті келіссөз нәтижесіз аяқталды. Лондон мен Брюссельдің келісімге келуіне Солтүстік Ирландияға қатысты бэкстоп туралы бап кедергі болып тұр.

Яғни құжатта Ұлыбританияның ұйымнан шыққаннан кейінгі осы аймаққа қатысты қолданылатын тәртібі жазылған.

Мишель Барнье, Еуроодақтың Brexit бойынша басты мәмілегері:

- Біз Ұлыбританияның кез-келген ұсынысын қарастыруға дайынбыз. Бірақ ағылшын тарапынан әлі ешқандай ұсыныс түскен

Стивен Баркли, Ұлыбританияның Brexit істері бойынша министрі:

- Меніңше, алда әлі көп жұмыс күтіп тұр. Біз Еуроодақпен ортақ шешім тауып, ұйым құрамынан қазанның 31-інде  шығамыз деп үміттенеміз. Қазір тараптар осыған қол жеткізу үшін барын салып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы