389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп өзіне қарсы импичментке қатысты ойымен бөлісті

  • 185
  • UPD: 15:34, 29.09.2019

АҚШ-та демократиялық партияның президентке қарсы импичмент жарияламақ әрекеті - ел тарихындағы ең ауқымды жалған ақпарат.

Президент Дональд Трамп демократтардың бастамасына қатысты осылай деді. Ақ үй қожайыны мәлімдемесін Твиттердегі парақшасында жариялады.

Трамптың айтуынша, бұл демократтардың оны тоқтату үшін қолға алған шарасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Конгрестің Төменгі палатасы Трампқа қарсы импичмент жариялау процесін бастайтынын жариялады. Себебі Ақ үй басшысы Украина президентімен телефонмен сөйлесуі кезінде Джо Байденнің ұлына қарсы тергеу жүргізуді сұраған.

Хабар 24 телеарнасы