389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкалық босқындар БҰҰ комиссарына наразы

  • 176
  • UPD: 18:34, 29.09.2019
Африкалық босқындар БҰҰ комиссарына наразы ИноСМИ

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі комиссары Филиппо Грандидің Мексикаға сапары кезінде наразылық акциясы өтті.

Африкалық мигранттар Тапачулу қаласындағы жаңа орталықты ашуға келген комиссардың жолын бөгеген. Олар ұйым өкіліне Мексикадағы босқындарға арналған орындардың жағдайы нашар екенін айтып, шағымданды. Одан бөлек, АҚШ-тың миграциялық саясатын жеңілдетуге күш салуды сұрады. Алайда Гранди келімсектермен сөйлескен жоқ.

Айта кетейік, АҚШ билігі 2020 жылы елге келетін мигранттардың санын 2 есеге азайтуды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы