389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте тұрғындар полициямен қақтығысты

  • 163
Гонконгте тұрғындар полициямен қақтығысты BBC

Гонконгте билікке қарсы тағы наразылық шеруі өтті.

Адамдар арнайы аймақтың Хэннесси-роуд ауданындағы көшелерін бөгеп, полициямен қақтығыс болды. Бүлікшілер тәртіп сақшыларына түрлі заттар лақтырып, полиция көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Гонконгте толқулар сәуір айынан бері жалғасып келеді. Оған аймақ үкіметінің парламент қарауына қылмыскерлерді ішкі Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын ұсынуы себеп. Өткен айда Гонконг басшысы бұл заңнан бас тартатынын мәлімдеген. Алайда халық аймақта енді саяси реформалар жүргізуді талап етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы