389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған оқиғаны қайта тексеріп жатыр

  • 277
  • UPD: 21:09, 29.09.2019
АҚШ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған оқиғаны қайта тексеріп жатыр

АҚШ 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғаны қайта тексере бастады.

Бұл үшін бір топ архитектор мен инженер «9/11 –Шындық» жобасын құрған. Мақсат – егіз мұнаралардың құлауымен бірге 47 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығының опырылып түсуін де зерттеп, шындыққа көз жеткізу. Осыған байланысты аталған қозғалыс Конгрестен 18 жыл бұрынғы оқиғаны қайта тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш берді. Топ мүшелерінің айтуынша, сауда орталығы ресми тұжырымдамадағыдай өрттен емес, жарылыстанн опырылып түскен. Аляска Фэрбэнкс университетіндегі зерттеулер осыны көрсетеді. Себебі марқұмдардың денелері бүтін емес, ыдырап кеткені анықталған. Әдетте қиранды астында қалғандар езіліп, бөлшектеліп кетуі мүмкін. Бірақ ыдырамайды, дейді сарапшылар. 

Диана Кристио, «9/11 – ШЫНДЫҚ» қозғалысының мүшесі:

– Біз конгрестен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғаны қайта тексеруді сұрап келдік. Себебі Дүниежүзілік сауда орталығы тек өрттен құлаған жоқ. Біз Қауымдар палатасынан осы мәселеге көңіл аударуды сұраймыз. Ұжымдық өтінішке ондаған мың адам қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы